Кәмила Жапалова Стокгольмде сән жәрмеңкесіне ұлттық нақыштағы көйлектерін ұсынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атыраулық суретші-модельер Кәмила Жапалова Стокгольмде өткен халықаралық сән жәрмеңкесіне қазақтың ұлттық нақышымен тігілген көйлектерді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық сән жәрмеңкесі 8 наурыз –халықаралық әйелдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған. Оған атыраулық суретші-модельер Кәмила Жапалова да қатысып, өзінің ұлттық нақышта тігілген бес киім үлгісін көрсетті.

«Стокгольмдағы жәрмеңкеге Қазақстан Республикасының Швециядағы елшілігінің шақыруымен қатыстым. Қазақтың ұлттық нақышымен тігілген киім үлгілерін еуропалық модельдер киіп шықты», - дейді Кәмила Жапалова.