Қамшыбек Қоңқабаев бастаған 8 боксшы Германия турниріне аттанды
20:51, 10 Наурыз 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары Германияда өтетін халықаралық турнирге аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Германияның Кельн қаласында 10-14 наурыз аралығында бокстан халықаралық турнир өтеді. Аталған додаға Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев бастаған 8 боксшы қатысады.
Олар:
1. Сәкен Бибосынов (52 кг)
2. Оразбек Асылқұлов (57 кг)
3. Ертуған Зейнулинов (63 кг)
4. Асланбек Шымбергенов (69 кг)
5. Ермахан Жақпеков (75 кг)
6. Нұрбек Оралбай (81 кг)
7. Айбек Оралбай (91 кг)
8. Қамшыбек Қоңкабаев (+91 кг)