Тактикалық тұрғыдан айқасты белсенді бастаған Қамшыбек Фоку Арсенді есеңгіретіп тастады. Екінші раундта да отандасымыз ауыр соққысымен қарсыласын тізерлетіп жіберді. Үшінші раундта алға ұмтылып, қорғанысын ұмытқан камерундықты ногдаунға түсірді.
Үш раундтық кездесу бойынша төрешілер бір ауыздан жеңісті Қамшыбекке берді.
Еске сала кетсек, Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық үш боксшы қола медальді қанағат тұтса, екі саңлағымыз финалға жолдама алып отыр.