НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби рингтегі үшінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін ол Алматы қаласында өткен WBO Asia Pacific бос титулы бойынша ресейлік Сервер Эмурлаевпен (23-1, 9 КО) қолғап түйістірді. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Дегенмен алтыншы раундтан кейін ресейлік боксшы сайысты жалғастырудан бас тартты.
Айта кетейік, бұған дейін кәсіпқой бокста Қамшыбек Қоңқабаев екі мәрте шаршы алаңға шығып, екеуінде жеңіске жетті. Дегенмен бүгін алғаш рет титулдық жекпе-жек өткізді.
Алғаш ресейлік Иса Акбербаевтан айласын асырса, одан кейін украиналық Сергей Радченконы тізе бүктірді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.