«Қамшыбек 6 немесе 2 шілдеде жекпе-жекке шығады (кәсіпқой бокста), кейін ұлттық құрамаға қосылып, Азия ойындары аяқталғанша осында болады», - деді Сәтжанов.
Қамшыбек Қоңқабаев (5-0, 4КО) кәсіби рингтегі осыған дейінгі жекпе-жегін ақпан айында өткізді: ол өзбекстандық Фаррух Джураевті екінші раундта нокаутқа түсірді.
Қоңқабаев кәсіпқой боксқа алғашқы қадамын 2020 жылы жасады. Бірақ әуесқой бокстан әлі алыстаған жоқ.