Қамыс арасынан адасып кеткен үш аңшының мәйіті табылды - Атырау облысы

None
АТЫРАУ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Атырау облысында Каспий теңізі жағалауында үш аңшы қаза тапты.

Аймақтағы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше,  27 қарашада Атырау қаласының және Мақат ауданының аң аулауға кеткен бес тұрғыны қайтып оралмағаны жайлы нөмірі екінші полиция бөліміне хабар келіп түскен.

Аңшыларды іздеуге аттанған құтқарушылар тобы жоғалғандардың екеуін құтқара алды. Қалған 1951, 1952, 1955 жылы туған үш азамат қамыс арасынан өлі табылған,

Алдын ала болжам бойынша бәрі де үсіп өлген.