ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайда қамыс пен шөптен шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, бұрын эвакуацияланған жақын маңдағы жеке сектордың тұрғындары үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Шипин көшесіндегі 10 үйден эвакуацияланған 35 адам үйлеріне қайтарылды. Өрттің тұрғын үй секторы мен аулаға таралуына жол берілмеді, тұрғын үйлерге қауіп төнген жоқ», - деп хабарлады ТЖД.
Қазіргі уақытта өрт орнында 8 техника және Қостанай облысы ТЖД, «Қостанай СУ» ЖЗҚ, «ҚТЖ» АҚ жеке құрамының 27 адамы жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін Қостанайдағы жеке сектор тұрғындары қамыс пен шөптің өртенуіне байланысты эвакуацияланғаны хабарланған болатын.
Жанна Мұсабаева
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.