Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітім көрсеткіштері 7,2 пайызға төмендеді

None
АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Құрт ауруына шалдыққан адамдар санының біртіндеп төмендеуі байқалады. Бұл туралы бүгін Астанада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Жақсылық Досқалиев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, Қазақстан құрт ауруына шалдыққандар, әсіресе жұқпасы дәріге төзімді түрімен сырқаттанғандар көрсеткіші жоғары елдердің қатарында. Министрдің сөзіне қарағанда, құрт ауруының түріне байланысты стационарларда сырқаттарды бөлу, жұқпасы дәріге төзімді сырқаттарды емдеу үшін төсек орындар санын ұлғайту және басқа да шаралар қамтылған. Қазақстанда қан айналымы жүйесінің ауруларына шалдығу көрсеткіштері дүниежүзіндегідей біртіндеп өсіп келеді. Кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың аясында бұл аурулардан өлім-жітім көрсеткіштері 7,2 пайызға төмендеген.