Осы мәселеге байланысты 16 зерттеу жұмысына әр елден барлығы 900-ге жуық адам қатысты. Зерттеу қорытындысы бойынша, адамның қанында қант мөлшері жоғары болса, қатерлі ісікке шалдығу қаупі 22 пайызға артады.
Қант диабетіне шалдығу алдында тұрған, қан құрамында қанты көп адамдарға мамандар дәрілерді ішкеннен гөрі көбірек қимылдап, организмге физикалық күш түсіру қажеттігін ескертеді.