Клиникалық зерттеулер кезінде вегетариандық диета ұстағандардың қан қысымы етпен балық жегендермен салыстырғанда, 5 мм.рт.ст төмен болған.
Зерттеушілердің сөзіне қарағанда, бұл олардың 5 келіге арықтағанымен бірдей, деп хабарлады Kedem порталы. Артериалды қан қысымының төмендеуі жүректің ишемиялық ауру мен инсульттан болатын өлім-жітімді азайтуға әкеледі.
Алайда тамақтану рационынан бір ғана етті алып тастау жеткіліксіз - көптеген азықтың құрамында майлар, тұздар сонымен бірге қант та вегетариандық болуы мүмкін.
Қан қысымы қалыпты болуы үшін көп жеміс-жидек мен көкөністерді тұтыну керек. Алкоголь ішімдіктерін пайдалануды қысқартып, салауатты өмір салтын ұстанған дұрыс, деп жазады Росбалт.