Қан обырына шалдыққан танымал журналистің қызы елден көмек сұрады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қан қатерлі ісігіне шалдыққан белгілі журналист, «Хабар» арнасының спорт комментаторы Галина Полеваяның қызы Анастасия Вылегжанина анасының емі үшін бүкіл халықтан көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Галина Полевая қатерлі ісікке шалдыққанын 2017 жылы білген. Дәрігерлер әйелге көпдеңгейлі миома деген диагноз қойды. 

«Менің анам қазір өте ауыр жағдайда. 2017 жыл біз үшін өте қиын жыл болды. Анамның ауруын көпшіліктен құпия ұстадық. Анам - мен үшін өмірімдегі ең қымбат жан. Ол «Хабар» арнасында 20 жыл бойы қызмет еткен. 15 жылында жаңалықтар бөлімінде спорт жаңалықтарын тікелей эфирде хабарлап отырды. Қазір бүкіл отбасымызбен халықтан көмек сұрауға мәжбүрміз», - деді А.Вылегжанина.

Оның айтуынша, қайғылы жаңалықтан соң 10 ақпанда Галина Полеваяның омыртқа тұсындағы қатерлі ісік алынып тасталған. Бір айдан соң әйел республикалық онкология ауруханасында емделуді бастап кетті. 

«Осы уақытқа дейін анам химиотерапия алып келеді. Көпке дейін жүре алмады. Отадан 4 ай өткенде ғана балдақпен тұра бастады. 6 курстан кейінгі 8 айлық ремиссиядан соң дәрігерлер 2 жылда химиотерапияны тоқтатамыз деген. Бірақ биыл жазда ісік қайта өсе бастағаны анықталды», - дейді журналистің қызы. 

Отбасының сауалына әлемдік дамыған клиника өкілдері «жұлынды ауыстырудан басқа амал жоқ» деген. 

Ал Қазақстанда 50 жасқа дейінгі адамдардың ғана жұлынын ауыстыратын болып шықты. 

«Оңтүстік Корея мамандары көмектесеміз деп отыр. Бірақ емдеу құны 286 350 АҚШ долларына бағаланды. Сондықтан, барлық қазақстандықтардан көмек сұрауға мәжбүрміз», - деді А.Вылегжанина. 

Қазіргі таңда Галина Полеваяның достары мен әріптестері көмек қолын созып жатыр. Біреулер ақшалай көмек берсе, кейбіреулер ақпараттық қолдау көрсетуде. 

Отбасына көмек көрсетем деген азаматтар болса, төмендегі реквизиттер арқылы қаржы жібере алады 

Halyk bank (тг): 4390 8722 0191 7707
Kaspi Gold (тг): 5169 4931 6910 9462
Сбербанк ($): 5392 1500 0135 2044