Каньяс «Астанаға» келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан колумбиялық шабуылшы Рохер Каньяс «Астана» командасымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, alaman.kz мәлімдеді.

Каньяс өткен маусымда «Шахтерда» ойнап, кейін украиналық «Металлург» клубына ауысқан еді. Алайда украиналық команданың дәрігерлері оның бір бүйрегі жоқ екенін анықтап, онымен келісімшартты үзген болатын. Ал «Шахтер» командасы оны қабылдауға дайын екендіктерін мәлімдеген. Бірақ Каньяс өз карьерасын «Астанада» жалғастыруға шешім қабылдапты.