Канададағы Арктикада 500 метр мұз қабатының астынан екі көлшік табылды. Ондағы судың температурасы Цельсия бойынша -10,5 градус. Мұндай температурада су қатпас үшін мұз асты көлі өте тұзды болуы қажет.
«Мен таң қалып тұрмын. Іздегенім мұз асты көлі емес болатын», - дейді зерттеуші Аня Рутишаузер.
Бұл Арктикадан табылған алғашқы көлдер, олардың көлемі шамамен 5-8 шаршы шақырымды құрайды.
«Бұл өзгеше көл, себебі Антарктидадағы 400-ден астам мұзасты көлдерінің суы тұщы. Бұл көлдегі тірі организмдер де ерекше болуы керек», - дейді зерттеушілердің бірі Мартин Сигерт.