Екі ұшақта да тек қана ұшқыштар болған, олардың бірі көз жұмып, екіншісі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жерде болған тағы екі адам зардап шекті.
Соқтығысу салдарынан ұшақтардың бірі сауда үйінің шатырына, екіншісі - жақын маңдағы көлік тұрағына құлады.
Жолаушылар мен сауда үйінің қызметкерлері эвакуацияланды, апат орнында төтенше қызмет жұмыс істеп жатыр.
Оқиға куәгерлері соқтығыс кезінде қатты жарылыс болғанын айтуда. Екі ұшақтың соқтығысу себептері әлі анықталмады, алайда ауа райы жайының жайлы болғаны анық.
Квебек қозғамдық қауіпсіздік министрі қаза тапқан ұшқыштың отбасына қайғыра көңіл айтты.