АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат Канаданың Саскатчеван штатының әуесінде екі жеке ұшақ соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан 5 адам қаза тапты,
деп хабарлайды утро.ру.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша апат Саскатун қаласынан 18 шақырым жерде орын алған. Бір ұшақтың бортында екі ересек адам мен бала, ал екіншісінде еркек пен әйел болған. Ұшақтардың соқтығысу себептері әзірше анықталған жоқ.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.