Канада билігі өрт салдарынан тұтас қала тұрғындарын көшіріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық Альберта провинциясының билігі өртке байланысты Форт МакМюррей қаласының 80 мың тұрғынын көшіріп жатыр, деп хабарлады РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.

Тілсіз жау қаланың оңтүстігінен жылжып келеді, деп атап өтті агенттік.

Осыған дейін Франс Пресс агенттігі хабарлағандай, бастапқыда билік қаланың шетінде орналасқан жеті ауданнан мыңдаған адамды эвакуациялауды көздеген болатын. Ондағы тұрғындардың саны 100 мың адамды құрайды.