Канада бір жылда 35 мың босқынды қабылдады
05:07, 07 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канада өткен жылдың қараша айынан бастап бір жыл ішінде 35 мыңнан астам сириялық босқынды қабылдады. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Құзіретті органның хабарлауынша, мұнда қоныс тепкен мигранттардың жартысына жуығы Ливаннан келген.
Айта кеткен жөн, наурыз айында осы мемлекеттің Көші-қон жөніндегі министрі Джон Маккаллум өткен жылдың аяғына дейін қабылдануға тиіс 25 мың сириялық босқын орналастырылғаны туралы мәлімдеген болатын.