Ал, экологтар, белсенділер, бірқатар саясаткерлер және Канада мен АҚШ-тың өзге де азаматтары Солтүстік Америка суларының күре тамыры есептелетін өзенге қалдық төгуге бірден наразылық білдірді.
Монреаль билігі қалдықтарды төгу балықтар мен өзге де су асты тіршілік иелеріне зиян келтірмейді деп есептейді.
Алайда, «Квебек партиясының» Сенаторы Матьё Траверси өзенге шприцтер, контрацептивтер төгіледі деп жауап берді.