Бұл туралы ел үкіметінің ресми деректері жарияланатын Global Affairs Canada (GAC) сайтында жарияланған есепте айтылған.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылы Израильге жеткізілген әскери және технологиялық өнімнің жалпы көлемі 14,671 млн канадалық долларды құраған.
Есепте 2025 жылы Израильге әскери өнім экспорттауға берілген 50 лицензия пайдаланылғаны да көрсетілген. Сонымен қатар, 2024 жылғы 8 қаңтардан бастап Канада үкіметі Газа секторында қолданылуы мүмкін қару-жарақ экспортына рұқсат бермегені және бұл ұстанымын сақтап отырғаны атап өтілген.
Экспорт лицензиялары уақытша тоқтатылған
Канаданың бұрынғы сыртқы істер министрі Мелани Жоли 2024 жылғы 8 қаңтардан бастап Израильге әскери техника мен технология жеткізуге арналған экспорттық лицензиялардың уақытша тоқтатылғанын мәлімдеген болатын.
Ал Канаданың қазіргі сыртқы істер министрі Анита Ананд 2025 жылдың тамыз айында Канада Израильге қару-жарақ сатпайтынын және бұл саясатты 2024 жылдан бері ұстанып келе жатқанын айтқан.
Бұдан бұрын Канада Эбола індетінің өршуіне байланысты шекарада карантин енгізгенін жаздық