Қарлы боран салдарынан халықаралық әуежайларда әуе рейсі кейінге қалдырылып, жолаушылар діттеген жеріне жете алмады. Сондай-ақ мектепте сабақ тоқтатылды.
Синоптиктердің болжауынша, қалыңдығы 40 сантиметр қар түсіп, сағатына екпіні 100 шақырым жылдамдықпен соғатын жел тұруы мүмкін. Полицейлер тұрғындарға жолға шықпауды ескертті. Өйткені боран салдарынан айнала көрінбей қалған.