Канада мұнайының бағасы $15 төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арзан мұнайдың бірі - канадалық Western Canadian Select мұнайының бір баррелінің бағасы $14 дейін төмендеді, деп хабарлады ресейлік РБК агенттігі.

Мұнайдың өзге де арзан сұрыптарының бағасы төмендеп барады. Омандық мұнай фьючерстері 26 долларға арзандады.

Brent маркілі мұнай баррелінің құны бүгін сағат 13.40-тағы жағдай бойынша $30,37. Американдық WTI мұнайының баррелі Нью-Йорк тауарлы биржасында $30,32 түсті.