Канада полициясы Әулие Валентин күніне орай ұйымдастырылмақ болған шабуылдың алдын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канада полициясы сенбіде Галифакс қаласының тұрғындарына жасалмақ болған шабуылдың алдын алғанын мәлімдеді.

Полиция деректеріне сүйенсек, қаскүнемдер қасиетті Валентин күні адамдарға қарсы атыс ұйымдастырып, көшеде кез болған адамдарды қырып салмақ болған.

Тәртіп сақшылары үш күдіктіні қолға түсірді, енді бірінің өлі денесі Галифакс қаласының маңынан табылды, деп жазады би-би-си.

Биліктің айтуынша, қаскүнемдер шабуылдан кейін өз-өздеріне қол салмақшы болған.