Ол өз мәлімдемесінде Канаданың генерал-губернаторы Дэвид Джонстонға парламентті тарату жөнінде нұсқау бергенін айтты.
БАҚ хабарлағандай, сайлауалды науқанның басты тақырыптары ел экономикасын дамыту және қауіпсіздік мәселелері болмақ.
Харпердің консервативті партиясы үкіметті 2006 жылдан бері басқарып келеді. Сарапшылардың пікірінше, алдағы сайлауда депутаттардың басым бөлігі осы партиядан болуы екіталай, деп хабарлады Би-би-си.