Канада премьер-министрі Джастин Трюдо отставкаға кететінін жариялайды
АСТАНА. KAZINFORM — Канада премьер-министрі Джастин Трюдо дүйсенбі күні қызметінен кететінін жариялайды деп шамаланып отыр.
Бұл туралы Kazinform меншікті тілшісі FOX News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Либералдық партия жетекшісі Джастин Трюдо қызметінен кететіні туралы сәрсенбі күні ұлттық конгресс отырысына дейін жариялайды, деп хабарлады Globe and Mail үш дереккөзге сілтеме жасап.
Бұл жаңалық Джастин Трюдоның танымалдылығы биылғы жылдың 20 қазанына жалпыұлттық сайлау жоспарланған Канадада төмендеуінен кейін шықты. Ел тұрғын үй дағдарысынан, жан басына шаққандағы ЖІӨ төмендеуінен және жоғары инфляциядан зардап шегіп отыр.
Канадалық әлеуметтанушы Ангус Ридтің мәліметінше, 2024 жылғы 24 желтоқсандағы жағдай бойынша Трюдо саясатын мақұлдамағандар үлесі шамамен 68%-ды құрады, оны канадалықтардың 28%-ы ғана қолдады.
2015 жылы премьер-министр болған Джастин Трюдо саясатта қиын бірнеше айды бастан кешірді. 2024 жылдың қыркүйегінде ол парламентте сенімсіздік вотумына тап болды.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп Канаданы 51-ші штат етіп қалыптастыру идеясын алға тартып отырғаны мәлім болды.