Джиннела CityNews телеарнасында жұмыс істейді, әлеуметтік желіде ол телеарна басшылығына осындай мүмкіндік бергендері үшін алғыс айтты.
«Бүгінгі күн мен үшін ерекше. Мен бұған дейін Канадада хиджап киген әйел жаңалықтар жүргізушісі болды дегенді естімеппін», - деп жазды ол.
Бұған дейін Джиннела осы телеарнада репортёр болып қызмет еткен, сол себепті оны мұндағы орамал таққан тұңғыш корреспондент болды деп те айтуға толық негіз бар.