Канада тұрғыны лотереядан 7,6 миллион доллар ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада жергілікті тұрғын лотерея ойынында 9,6 млн канадалық доллар (шамамен 7,6 млн АҚШ доллары) ұтты. Бұл туралы Global News Онтарио Лотереялар және құмарлық ойындар корпорациясының мәлімдемесіне сілтеме жасаған хабарлады.

Телеарнаның хабарлауынша, 6/49 лотереясында Онтарио провинциясындағы канадалық Лондон қаласының тұрғыны жеңімпаз болып танылған.

190 мың доллар шамасындағы тағы бір ұтыс билеті интернет арқылы сатылғаны атап өтілді.

Бұдан басқа, Тандер-Бей қаласының тұрғыны шамамен 76 мың доллар ұтысты құраған билетті сатып алған.