Желтоқсанның ортасында Ольга Бено джекпот - 5,3 миллион канадалық доллар (3,9 миллион американдық долллар) ұтқан. Ол 27 жыл бойы үзбей лотерея билетін сатып алып жүрген және де бір ғана цифрлар амалын түзетін болған.
Беноның айтуынша, бұл комбинацияны ол 1989 жылғы мамырда түсінде көрген.
- Мен сандарды жатқа білемін, маған ұтқаннан кейін оларды телеэкраннан көргендей болдым, бірақ менің көздерім онша жақсы көрмейді,-дейді Бено,-сондықтан мен бұл туралы ұмытуға ұйғардым.
- Келесі күні Бено газетті қарап отырып,телефон арқылы әкпесімен сөйлескен. Міне ғажап, нөмірдің соңғы жағынан ол таныс цифрлар комбинациясын көрген.
Жеңімпаз өз ұтысын пәтер алуға жұмсауды жоспарлап отыр. Осыдан он жыл бұрын Бенодан қатерлі ісік дертін тапқан. Емделу үшін оған үйін сатуға тура келді. Міне бәрі де өз орнына келді. Бұған дейін пәтер жалдап тұрып келген Бено енді жеке өз үйіне көшетін болады.