Канада тұрғыны ұлттық лотереядан $45,5 млн ұтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Канадада Lotto Max ұлттық лотереяның 60 миллион канадалық доллар көлеміндегі ($45,5 млн) джекпоты ойнатылды. Бұл туралы сенбіде ұтыс өткізетін OLG компаниясының өкілі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түскеннөмірлер -11, 15, 17,20, 24, 25 және 50. Бонус-саны - 30»,-деп нақтылады ұйымдастырушылар.

Қазіргі уақытта белгілі болғаны, аяқ астынан ен байлыққакенелген Канада тұрғыны болып шықты. Ал билетБританиялық Колумбия провинциясында сатылған.

Ұлттық лотереяның ережесіне сәйкес, енді сыйлықты алуүшін ұтыс иесі билетін ұйымдастырушыларға міндетті түрде көрсетуі тиіс, сондай-ақжеңімпаздың кім екендігі жұртшылыққа айтылуы керек.