«Кит кенет жарылып кетіп, біреу жапа шеге ме деп қорқамыз», - дейді Траут Ривер дүкендерінің бірінде сатушы болып жұмыс істейтін Эмили Батлер.
Жергілікті тұрғындар көмек сұрап экология қызметкерлеріне хабарласқан көрінеді. Бірақ олар көмекке келе қоймаған.
Киттің денесі жарылады дегенге сенбейтіндер де бар екен. «Ол бір сәтте парша-паршасы шығып атылып кетеді деген қауіп өте аз. Меніңше, газ өз-өзімен ауаға тарап, құрып жоғалады, - дейді канадалық Балық аулау басқармасының өкілі Джек Лоусон. - Жарылыс егер бір ақымақ киттің денесін пышақпен тілсе немесе біреу оның үстіне сырғанақ теппек болса ғана орын алуы мүмкін».
Алайда бұған дейін кит жарылған оқиғалар тіркелген. Өткен жылы Фарер аралдарында өлі киттің денесі атылып кетіп, жергілікті мұражай қызметкерін жазым ете жаздаған. Тағы бір жарылыс өткен қарашада Уругвайда болыпты.