Канадада 135 адам иіс тиіп уланды
14:48, 09 Сәуір 2023
ОТТАВА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Монреальда (Квебек провинциясы) аймақтағы жаңбырдан кейін электр қуатынсыз отырған кем дегенде 135 адам иіс тиіп уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
CBC телеарнасының провинцияның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлағанындай, 5 сәуірден бері медициналық мекемелерге иіс тиіп уланған 135 адам жеткізілген. Атап айтқанда, адамдар жылынуға және тамақты өздері дайындауға тырысып, үй ішіндегі көмір немесе газ барбекюлерін пайдаланды.
Квебек және Онтарио провинцияларында салқын жаңбыр сәрсенбі күні жауған. Салдарынан 1 млн астам тұрғын үй мен басқа ғимараттар электр жарығынсыз қалған. Табиғи апаттан зардап шеккендердің барлығына электр энергиясы тек дүйсенбіде беріледі деп шамалануда.