Канадада 20 адам лотереядан $37 млн ұтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Канадада Lotto Max ұлттық лотереясының 50 млн канадалық доллар көлеміндегі ($37 млн) джекпотын 20 адам өзара бөліп алатын болды. Бұл туралы сенбі күні ұтысты өткізген OLG компаниясының өкілі мәлім етті.

«Шыққан нөмірлер - 2, 3, 5, 12, 21, 22 және 37.

" Бонус-сан - 19", - деп нақтылады ұйымдастырушылар.

Қазіргі уақытта белгілі болғаны, ұтыс шыққан нөмірлер Квебек провинциясындағы Броссард қаласында сатылған. Тағы бір анықталғаны, оны 20 ойыншыдан тұратын топ сатып алған. Бұл канадалық лотерея ережесіне сай.

Ал бұл жағдайда ұтыс 20 адамның арасында теңдей бөлінеді.