Канадада 300-ге жуық көлік өртеніп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Кейп-Бретон аралындағы жарамсыз көліктерді тастайтын жерде бір-бірінің үстіне үйілген 200-ден 300-ге дейін автомобиль өртеніп жатыр, деп хабарлайды CBC News.

Оқиға орнында жедел қызметтердің күштері жүр, бірақ өрт сөндірушілер су көздері алыс болғандықтан цистерналармен тасуға мәжбүр болып отыр.

Өртену себептері әзірге белгісіз, оқиға орын алған Сидней қаласына жақын жерде бірнеше жол жабылды.