Канадада $5,3 млн ұтыс шығатын лотереялық билет сатылды
07:55, 03 Сәуір 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Онтарио қаласында белгісіз біреу $5,3 млн ұтыс қарастырылған лотереялық билет сатып алған, деп жазды жергілікті БАҚ Atlantic Lottery қауымдастығының өкілдеріне сілтеме жасап.
- Сәйкес келген сандар - 27, 40, 41, 42, 45 және 46. Бонус-саны - 20, - деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Сонымен бірге, тағы бір қатысушы $750 мың ынталандыру сыйлығын жеңіп алған.
Атап өткен жөн, ел тарихындағы ең үлкен ұтыс $49,5 млн джек-пот болып саналады.