Канадада белгісіз біреу лотереядан $40 млн ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреу Канададағы белгілі лотереялардың бірі Lotto Max-тан 50 млн канадалық доллар (40 млн АҚШ доллары) ұтты.

Ұтыс ойынының өкілдері хабарлағандай, лотереяны ол Гамильтон (Онтарио провинциясы) қаласында сатып алған, деп жазды ТАСС .

Ақпан айының басында Онтарио провинциясындағы Васага-Бич қаласының тұрғыны бұл лотереяның 50 млн доллар көлеміндегі бас жүлдесіне қол жеткізді.

Lotto Max лотереясы Канадада 2009 жылы іске қосылған. Содан бері ұтыс ақшасы көп ең танымал ұтыс ойынына айналды. Бас жүлдені ұту үшін 1-ден 49-ға дейін жеті негізгі санды табу керек. Ұту мүмкіндігі 28 миллион билеттің ішінен біреуі ғана.