Канадада белгісіз біреу лотереядан 5 млн. доллар ұтқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада лотерея билетін сатып алған белгісіз біреу 7 млн. канада долларын (5 млн. доллардан астам) ұтып алды, деп хабарлады РБК.

Әңгіме «49-дан 6» ұлттық лотереясы жөнінде болып отыр. Билетті белгісіз адам Онтариода сатып алған көрінеді.

Бұдан бұрын 2 қаңтарда Квебекте бір адам «49-дан 6» билетінен ірі ұтысқа - 28,3 млн. канада долларына (17 млн. доллардан астам) ие болған еді.