Канадада бензин бағасы 16 центке қымбаттады
11:26, 10 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні таңертең Монреалда жанармай құю бекетінің таблосында бір литр бензиннің орташа бағасы 1,07$ құрай отырып, бұрынғы құнынан 16 центтен астамға көтерілді.
Бұл деректерді essencemontreal.com және gasbuddy.com. сайттарынан табуға болады.
Сонымен бірге, сол дереккөздердің ақпаратына сәйкес, Квебекте 1 литр бензин бағасы 87,5 центке жеткен. Монреаль перифериясында да баға осы шамада.
Өткен дүйсенбіде CAA-Québec ұйымы жариялаған 2015 жылғы деректерді талдау осы жылғы баға көп жағдайда ешбір негізсіз әдеттегіден жоғары болғанын көрсетті.