Канадада болған өрт терминалды жойып жіберді
16:48, 20 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат - Сенбі күні британдық Колумбиядағы Принс-Джордж әужайында өрт болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Өрт шағын чартерлік компанияға жататын терминалда шыққан.
Принс-Джордждан хабарланғанындай, Ванкувердің солтүстігіне қарай 775 шақырым жерде орналасқан бұл қаладағы өрт кешке толықтай сөндірілген. Адамдардан ешкім зардап шеккен жоқ. Терминал толықтай жанып кеткен.