Канадада ең ұзақ өмір сүрген адам 113 жасында қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың ең кәрі тұрғыны 113 жасында қаза тапты.

«ТАСС» агенттігі хабарлағандай, Мирл Барвистің келесі туған күніне дейін аз уақыт қалған еді. 23 желтоқсанда ол 114 жасқа толар еді.

Соңғы жылдары ол қарттар үйінде өмір сүрген. Ол 1900 жылы дүниеге келген. Саскачеван провинциясындағы шаруаның қызы болған.