Торонто полициясы хабарлағандай, осы фактіден кейін әкімшілік орын мұқият тексерілді, бірақ ескерту жалған болып, ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Р.Форд өзінің қызба мінезі және неше түрлі қылығымен елге белгілі, деп жазады ИТАР ТАСС. 30 маусым күні ол есірткіге тәуелділіктен арылуға арналған екі айлық курстан өтіп, осы міндетіне қайта оралған болатын.
09:34, 12 Тамыз 2014
Канадада қала басшысы қызметінен кетпесе, мэрия ғимараты жарылатыны ескерілген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың ірі қалаларының бірі Торонто мэрі Роб Фордтың электронды поштасына алдағы тәулікте қызметінен кетпесе, мэрия ғимараты жарылатыны туралы ескертілген хат түскен. Бұл туралы полицияға хабарлағаннан кейін, көпшілікке жарияланып, ғимарат маңында қауіпсіздік шаралары жасалған.