Канадада қар жауды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 қыркүйекте күндіз Канаданың батысындағы Альберта провинциясында алғашқы қар жауды. Кейбір қалаларда, атап айтқанда Калгариде түскен қардың қалыңдығы 5-10 сантиметрге жеткен.

Бір қызығы, бұдан бір күн бұрын Альберта провинциясының оңтүстік батысында ауаның температурасы 23-24 градус жылы болған еді, ал дүйсенбіде күн күрт суытып, термометр нөлге дейін түскен.

Әдетте, Албертада алғашқы қар қарашаның соңында түсетін болған. Ал өткен жылы 27 қарашада жауды.