Канадада Қазақстаннан барған 10 мыңдай адам өмір сүреді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада Қазақстаннан шыққан 10 мыңдай адам өмір сүреді. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында Қазақстанның Канада мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигалов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, Канадада бүгінде білім сапасы жоғары болғандықтан, еліміздің студенттері үшін айтарлықтай тартымды ел ретінде танылып отыр. «Болашақ» бағдарламасы аясында бұл елде 150 студент білім алып жатқан көрінеді.

«Канададағы біздің балалардың жағдайын үнемі бақылап отырамыз. Бізде қай елді мекенде қанша бала тұрып жатқандығы туралы нақты кесте бар және ондағы отбасылардың аты-жөнін егжей-тегжейлі білеміз. Олар үшін түрлі шараларды үнемі ұйымдастырып келеміз», - деп тоқталды Елші.