Канадада мектеп оқушысы екі бауыры мен қала басшысы міндетін уақытша атқарушының қызын атып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық Ла-Лош (Саскачеван провинциясы) қаласындағы мектепте оқушы өзінің екі бауыры мен қала басшысы міндетін атқарушының қызын атып өлтірді.

Бұл туралы сенбіде қала басшысының міндетін уақытша атқарушы Кевин Жанвье хабарлады.

Мектептегі атыс салдарынан төрт адам қаза тапты. «Ол үйінде екі өзінің бауырын атып, артынша мектепке келген», - деді ол. Бұл жерде шабуылдаушы тағы екі адамға оқ жаудырған. Қаза болғандардың бірі қала басшысының міндетін уақытша атқарушы Кевиннің 23 жастағы қызы Мари Жанвье, ол мектепте ұстаз болған. Төртінші ажал құшқан жанның кім екені белгісіз. The National Post газеті өзінің электрондық нұсқасында тағы екі адам ауыр жағдайда ауруханада жатқанын мәлімдеді. Мектеп жанында атыс ұйымдастырған оқушының кім екені, мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге хабарланбады. Шабуылдаушы ұсталды.