Канадада мұнай өңдеу зауытында жарылыс болып, бір адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарылыс Канаданың Альберта провинциясындағы «Nexen» компаниясының кәсіпорнында болды. Бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға ауыр халде жеткізілді, деп хабарлады РИА Новости «CBC» телеарнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға жұмадан сенбіге қараған түнде орын алған. Зауыт жұмысын 12 сағатта қалпына келтіру жоспарланған. Онда жедел қызмет пен провинцияның Энергетикалық реттеу қызметі өкілдері жұмыс істеп жатыр. Компания ақпаратынша,

жарылыс жақын маңдағы елді-мекен тұрғындарына қауіп төндірмейді.