Оқыс оқиға кеше Порт-Кокитлам қаласында, CN көлік компаниясы депосының аумағында болған. Полицияның алдын ала мәліметтері бойынша ешкім зардап шекпеген. Бірақ әлеуметтік желіде таралған видеодан автоцистерна және пойыздың бірнеше вагоны өрт құшағында қалғаны анық көрінеді.
CN компаниясы өкілдері жүк пойызында улы химиялық заттар болмағанын мәлімдеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оқиға орнынан 1 шақырым радиуста орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.