Бұл туралы CBC телеарнасы хабарлады.
Құқық қорғаушылардың ақпаратына қарағанда, канадалық азамат тұрғын үйлерге кіріп келіп, ондағы адамдарды пышақтаған. Салдарынан төрт бейкүнә жан ажал құшты, олардың арасында он жасар бала да бар. Кем дегенде екеуі жараланған. Полицейлер қылмыскерді төртінші үйге кіргелі жатқан сәтінде атып өлтірді.