Бұл жағдай Саскачеван провинциясында Уоден елді мекенінен батысқа қарай 17 шақырым жерде орын алды. 100 вагонның 26-сы рельстен шығып кетіп, отқа оранған. Олардың алтауында қауіпті материалдар, төртеуінде алдын ала мәліметтер бойынша, тұз қышқылы немесе күйдіргіш сода, тағы екеуінде мұнай өнімдері болған.
Өртенген пойыздың үстінен түтін тұрды. Қауіпсіздікті сақтау мақсатымен, апат орнына сегіз шақырымға дейін адамдарды жақындатпайды, қауіпті зона арқылы автокөліктердің жүретін жолы жабылды.