АСТАНА. KAZINFORM – Rio Tinto компаниясының жұмысшылары мінген шағын ұшақ сейсенбі күні Канаданың солтүстік-батыс аумағында апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан қаза тапқандар бар, деп жазады Reuters.
Қаза болғандар саны әзірге нақтыланбады.
Rio Tinto Group – аустралиялық-британдық концерн, әлемдегі үшінші ірі трансұлттық тау-кен металлургиялық компаниясы. Оның негізгі қызмет аймақтары Аустралия, Канада, АҚШ, Бразилия, Моңғолия, Гвинея, Мадагаскар және Оңтүстік Африка.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.