Хиртл Жаңа Шотландия провинциясындағы шағын Белл аралындағы елді мекенде тұрады. Ол өмір бойы балықшы болды, балық аулауға лицензиясы біткеннен кейін екі жыл бұрын ғана зейнетке шықты. «49-дан 6» лотереясының бақытты билетін Хиртл жергілікті дәріханадан сатып алған еді.
«Мен ұтыс түбіртегін ұсынған қыз менің миллионер болғаныма сенбеді. Ол барлық қызметкерлерді шақырып, ұтыс сандарын бірге тексерді», - деп әңгімеледі зейнеткер журналистерге. Ол лотереядан алғаш рет 30 жыл бұрын 1 мың доллар ғана ұтыпты. Хиртл әзірге өзінің дәулетін қалай жұмсайтынын әлі шешкен жоқ. Atlantic Lottery 1976 жылдан бері Канада аумағында ұтыс өткізеді. Осы кезден бері жүлделі ұтыс сомасы 5,5 млрд. доллардан асты. Қауымдастық өкілдерінің айтуынша, ең сәтті билеттер Жаңа Шотландиямен көршілес Нью-Брансуик провинциясында болған көрінеді. Осы өңірдің өкілдері көп ұтыстарға ие болған. Биылғы мамыр айында ғана жас әйел мен отбасылық жұп тиісінше 7 және 10 млн. доллардан ұтқан.