Канадада жағажайда қаза тапқан сириялық баланы еске алу шарасы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ванкуверде суға батып кеткен сириялық ер баланы еске алуға жүзден астам адам қатысты. Оның фотосы әлем жұртшылығына тарап, көптеген елдің билігі осыдан кейін босқындар проблемасына қатысты мәселені қайта қараған болатын.

Канадада тұрып жатқан ер баланың жақын туыстарына жүздеген адам - достары мен қайғысына ортақ ниеттестер қосылды.

Олар қолдарына ақ шар, раушан гүлдері мен суға батып кеткен баланың суретін алып шықты. Еске алу шарасына қатысқандар ақ шарды аспанға ұшырды.

Үш жасар сириялық күрд Айлан Кос аралында отбасымен Түркиядан Грекияға өтпекші болған, сол күні түнде 23 босқын бар екі қайық аударылған.

Баланы, оның бес жасар ағасы Галипті қосқанда 12 адам және олардың анасы Рихан қаза тапты. Әкесі Абдулла Курди аман қалды.

Олар Айланның әпкесі тұратын Канадаға өтпекші болған.