CSC News телеарнасының мәліметінше, оның бортында тоғыз адам, соның ішінде экипаждың екі мүшесі мен бір бала болды.
The Canadian Press ресми мәліметтерге сүйеніп хабарлағандай, жолаушылардың бірі мерт болды. Ұшақты басқарушылардың біріне медициналық көмек оқиға орнында көрсетілді, екіншісі емделу үшін Виннипенг қаласына жөнелтілді. Жолаушылар арасында да зардап шеккендер бар, дегенмен, олардың денсаулық жағдайы туралы толық ақпараттар таратылмай отыр.
Манитоба провинциясында әуе тасымалдарын жүзеге асыратын канадалық Perimeter Aviation компаниясының ұшағы Виннипенг қаласынан ұшып шығып, діттеген жеріне бір шақырым қалғанда - Белчер аралдарындағы кішігірім елді мекеннің маңайында апатқа ұшырады. Оның себептері жарияланған жоқ.